Спoрт

Заңғар Нұрланұлы халықаралық теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды

Теннисші Заңғар Нұрланұлы© Photo : Қазақстан теннис федерациясыЖазылуАЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS’S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.14 жастағы Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.Финалда қазақстандық теннисші турнирдің бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1.»Заңғар дода барысында Австрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады», – делінген хабарламада.Сондай-ақ Заңғар Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.Бұл – Заңғар Нұрланұлының Халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы, дейді теннис федерациясы.Спорт Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды7 Маусым, 22:54

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button