Спoрт

Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина© AFP 2023 / FREDERIC J. BROWNЖазылуАСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтында жеке және жұптық сын бойынша рейтинг жаңартылды.

"Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орыннан үшіншіге көтерілді. Бұл – оның спорт мансабындағы ең үздік көрсеткіші", – деп хабарлады республиканың теннис федерациясы.

Юлия Путинцева өз позициясын жеті позицияға жақсартты. Ол қазір әлемдік классификацияда 51-орында. Ал жұптық рейтингте үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 25-орыннан 24-орынға көтерілді. Жібек Құламбаева 199-орынға жайғасты.»Жаңартылған АТР рейтингінде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик үздік елу теннисшінің қатарына еніп, 47-орынға тұрақтады. Тимофей Скатов 123 сатыға жоғары көтеріліп, 135-орынға жайғасты. Михаил Кукушкин де жоғарыды, ол қазір 252-орында. Бейбіт Жұқаев 69 позицияға түсіп кетті. Енді ол – әлемнің 256-ракеткасы», – деп атап өтт федерация.Елена Рыбакина «Ролан Гарросқа» қатысудан бас тартты3 Маусым, 16:26

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button