Фотo

Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж

Маусым. Астанада таңертеңнен-ақ күн қызып тұр. Мәжілісте де қайнаған қызу тіршілік. Депутаттар жақын уақытта демалысқа кетеді. Бірақ оған дейін халық қалаулыларына біраз тер төгу керек боп тұр.

1/40?share-img=35747229″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Маусым. Астанада таңертеңнен-ақ күн қызып тұр. Мәжілісте де қайнаған қызу тіршілік. Депутаттар жақын уақытта демалысқа кетеді. Бірақ оған дейін халық қалаулыларына біраз тер төгу керек боп тұр.

?share-img=35747427″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Депутаттар үшін жазғы аптап ыстық қорқынышты емес. Олар жұмысқа таңғы сағат 9-да қызметтік көлікпен жетеді, ал парламент ғимаратында желдеткіштер үздіксіз жұмыс істейді.

?share-img=35747373″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Бірақ кейбір депутаттар жұмысқа жаяу келгенді жөн көреді. Солардың бірі – Унзила Шапак. Ол жақын маңайда тұрады, сондықтан қарбалас жұмыс күнінің қарсаңында біраз жер жаяу серуендеуді дұрыс деп санайды.

?share-img=35747409″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Мәжіліс отырысы басталғанға дейін журналистер спикерлерге сауал қоя бастайды. Елде болып жатқан түрлі оқиғаларға қатысты халық өзекті мәселелердің жауабын білгісі келеді. Сондықтан парламент ғимаратына кіреберісте-ақ журналистер мәжілісмендер мен министрлерден блиц-сұхбат алып үлгереді.

?share-img=35750212″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Ғимарат есіктері ашылғанға дейін мұнда қызу дайындық жүріп жатады. Халық қалаулылары еркін тыныстап, алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасалуы керек.

?share-img=35756297″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Техникалық қызметкерлер мұнда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді.

?share-img=35753223″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Техниканың ақаусыз жұмыс істеуіне "көзге көрінбейтін" парламенттік жүйелік әкімшілер мен "айтишниктер" жауапты. Мәжілістің бұл қызметкерлері әдетте назардан тыс қалып қояды. Бірақ олардың қатысуынсыз бірде-бір маңызды жиын өтпейді. Олар аппаратураның, микрофондар мен залдағы басқа да жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды.

?share-img=35750284″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Бұл – мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың жұмыс үстелі. Яғни, депутат жұмыс орнына келіп, ашық түсті былғарымен қапталған жұмсақ креслоға жайғасқанға дейінгі жұмыс орнының көрінісі.

?share-img=35747355″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Бұл уақытта отырыс залында адам қарасы көбейе бастайды. Мұнда мәжілісмендер, түрлі дәрежедегі шенеуніктер және БАҚ өкілдері келеді.

?share-img=35747445″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Журналистер халық қалаулыларына толғандырған сұрақтарын қою үшін кез келген мүмкіндікті қалт жібермейді.

?share-img=35750320″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Депутаттар, министрлер мен олардың көмекшілері бір-бірімен амандасып жатыр.

?share-img=35747247″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Міне, министрлер кабинетінің мүшелері де келді. Олар парламент ғимаратына жиі келеді. Себебі олар заң жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

?share-img=35756387″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Пленарлық отырыс басталар алдындағы қарбалас кейде мектепте қоңырау соғылған сәтті еске түсіреді.

?share-img=35756468″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі болады. Залдағылар бір-бірімен қызу әңгімелесіп жатыр. Суретте: депутат Айдарбек Қожаназаров.

?share-img=35747391″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Мәжілісмендер бір-біріне жылы шырай танытып, әріптестеріне қамқорлық танытады. Суретте: Асқар Садықов әріптесі Ғалымжан Елеуовтың депутат төсбелгісін түзетіп жатыр.

?share-img=35750356″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Заң шығарушылар әзілдесіп, қол алысып, кейде құшақ жайып амандасып жатады.

?share-img=35750392″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Соңғы жаңалықтармен бөлісіп, елде және әлемде болып жатқан өзекті оқиғалар туралы пікір алмасады.

?share-img=35750410″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Кейбірі әлеуметтік желідегі парақшаларында жедел пост жариялап та үлгереді.

?share-img=35756405″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Мысалы, депутат Самат Нұртаза халық қалаулыларының күрделі күн тәртібі туралы сезімге толы жазба жариялап, өз постында депутаттарды зебраларға, ал журналистерді су жағасында зебраларға тап беретін қолтырауындарға теңеді. Бірақ мәжілісмен сол күні жазбасын өшіріп, журналистерден кешірім сұрады.

?share-img=35747194″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Спикерлердің соңына түсіп, әр сауалға жауап іздейтін БАҚ өкілдерінің жұмысы да оңай емес. Бірақ қызметтік міндет қоғамды мазалайтын мәселелер бойынша ақпарат табуды, жауап алуды қамтиды. Суретте: қаржы министрі Ерулан Жамаубаев БАҚ өкілдерінің ортасында тұр.

?share-img=35747319″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Егер парламентке келген тілші спикерден жауап алып үлгерсе, ол тез арада жаңалықты, фото мен видеоны редакторларға жолдайды.

?share-img=35750338″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Сағат тілі 09:55-ті көрсеткенде депутаттар қызметіне кірісуге асығып отырғаны байқалады.

?share-img=35750302″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Бұл уақытта мәжіліс аппаратының қызметкерлері пленарлық отырысқа қатысушыларды тіркейді.

?share-img=35750374″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Техниканың жұмысын, барлығы өз орнында тұрғанын тексереді.

?share-img=35753367″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Ал бұл – мәжіліс аппаратының қызметкерлері. Олар отырысқа келген қонақтарды – министрлік пен ведомство өкілдерін қарсы алып, шығарып салады.

?share-img=35750446″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Сағат тілі 10:00-ге жақындағанда залдағы шу сап тыйылады. Залға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кіреді. Отырыс басталады.

?share-img=35753259″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Осы сәттен бастап бәрі регламентке сәйкес өтеді. Алғашқы минуттарда БАҚ өкілдеріне қысқа видео түсіруге рұқсат беріледі.

?share-img=35756207″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Депутаттар жұмысқа айрықша белсенділікпен кіріседі.

?share-img=35753403″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Бұл уақытта отырыс залына кіріп-шығуға болмайды. Бүл есіктің арғы жағында заң жобалары талқыланады, депутаттар халықты толғандырған мәселелерді көтереді. Заң шығару мемлекет дамуы мен оның болашақтағы өркендеуі үшін қажет.

?share-img=35753205″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Қызу талқылаудан кейін халық қалаулылары электронды дауыс беру арқылы кворум қабылдайды. Кейде бір мәмілеге келу қиын болады. Мұндай сәттерде залда пікірталас қызу жүреді.

?share-img=35756153″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Режиссерлер де көзге көрінбейтін мамандар қатарында. Олар мәжілістің интернет-ресурстарында онлайн көрсетілімнің жүруін қадағалайды.

?share-img=35756171″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Заманауи технологиялар депутаттардың жұмысын онлайн, нақты уақыт кезінде бақылауға мүмкіндік береді.

?share-img=35756189″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Синхронды аудармашы залдағылардың жұмысын жеңілдететіндер қатарында. Оның дауысын барлығы естігенімен, оны ешкім көрмейді. Sputnik Қазақстан тілшісі аудармашы жұмыс істейтін "құпия орынды" суретке түсіріп үлгерді.

?share-img=35753482″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Мәжілістің баспасөз орталығында жұмыс қызып жатыр. Журналистер отырыс барысы туралы ақпарат таратып, өзекті мәселелер бойынша жаңалықтар жазады.

?share-img=35756099″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Залда талқылаулар жүріп, ел үшін маңызды шешімдер қабылданып жатқанда БАҚ өкілдері парламент мүшелерінің шығуын күтеді.

?share-img=35756243″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Үзіліс жариялана салысымен журналистер спикерлерге қарай асығады.

?share-img=35756135″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Журналистерді жыртқыш жануарларға қанша теңесе де, ақиқат анық: халық өзі таңдаған өкілдері қалай жұмыс істеп жатқанын білуге құқылы.

?share-img=35756351″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Тезірек ізін суытуға тырысып, қашып бара жатқан спикерлерді кейде журналистер қуып жетеді. Суретте: депутат Ермұрат Бәпи БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп тұр.

?share-img=35756279″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Мәжілісмендердің отырысы аяқталып, олар емін-еркін түстенуге аттанса, журналистер үшін бұл кезде жұмыс қызады. Олар жаңалықты жылдам жазып, түзетіп, жариялау керек.

?share-img=35756369″ data-title=»Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж»>

Жалпы парламенттегі сенсациялық жаңалықтарды жазу және ол үшін пленарлық отырыстан кейін шаршаған депутаттардың ізіне түсу оңай тірлік емес.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button