Саясат

Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты өз еліне шақырды

Ақорда© Sputnik / Владислав ВодневЖазылуАЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.Пәкістан тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Олар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Сөз арасында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскенін айтты.Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.Қазақстан Пәкістан нарығына 80-ге жуық тауар түрін шығаруға дайын26 Желтоқсан 2022, 13:18

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button