Қоғам

Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Архивтегі сурет© Sputnik / Абзал КалиевЖазылуАСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті «Sincere System Group» (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Олар қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілініп отыр.ҚМА ақпаратынша, компания өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам кірістілікке уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы 100 долларды құраған. Басқа салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5% мөлшерінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған.»Бұл ретте клиенттерге ақша қабылданғанын растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған», – дейді агенттіктегілер.Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.ҚМА «S-Group» компаниясының қызметінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрады.Павлодарда қаржы пирамидасы 1,5 млрд теңгеге шығын келтірді4 Мамыр, 09:48

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button