Фотo

Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото

Аннаның топтамасында барлығы екі мыңға жуық түрлі қуыршақ бар. Ол өткен жылы Ботаникалық баққа келушілерге "Біздің балалық шағымыздағы ойыншықтар" атты кеңестік ойыншықтар көрмесін ұсынса, биыл Барби және басқа да қуыршақтарға кезек келді. Анна Ляшенко бұл қуыршақтарды "Сәнді қуыршақтар" көрмесінде таныстырды.

1/19?share-img=35694722″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Аннаның топтамасында барлығы екі мыңға жуық түрлі қуыршақ бар. Ол өткен жылы Ботаникалық баққа келушілерге "Біздің балалық шағымыздағы ойыншықтар" атты кеңестік ойыншықтар көрмесін ұсынса, биыл Барби және басқа да қуыршақтарға кезек келді. Анна Ляшенко бұл қуыршақтарды "Сәнді қуыршақтар" көрмесінде таныстырды.

?share-img=35695000″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Анна бала кезінен қуыршақтарды жақсы көреді. Егер көпшілігіміз бала кезімізде ойнаған қуыршақтарды өсе келе ұмыт қалдырсақ, Анна олармен ешқашан қоштаспаған.

"Біздің отбасымызда алты бала болды. Отбасымыз үлкен болғанына қарамастан, ата-анамыз бізді ешкімнен кем қылмай өсірді. Анам сауыншы, әкем тракторшы болып жұмыс істеді. Біздің үлкен бау-бақшамыз, шаруашылығымыз бар еді. Бізді еңбекке баулыған ата-анамыз еңбегіміз үшін бізді үнемі марапаттап отыратын. Егер бір затты алып беруге уәде етсе, қарызға болса да ақша алып, уәделерін орындайтын", – деп еске алды Анна.

?share-img=35798533″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Мысалы, Анна көбейту кестесін мүдірмей жаттап алғаны үшін алғашқы Барби қуыршағын сыйлық ретінде алған. Анна сол қуыршақты әлі күнге дейін сақтап, көрмеге қойған.

"Анам "көбейту кестесін жаттасаң, қуыршақ алып беремін" деді. Ал менің Барби қуыршағын алғым келгені соншалық, кестені бір күнде жаттап алдым. Сондықтан анамда қуыршақты сатып әпергеннен басқа амал қалмады. Ол кезде "Жабайы періште" атты аргентиналық телехикая танымал еді. Сол телехикаядағы басты кейіпкердің есімі Милагрос болатын. Менің алғашқы Барби қуыршағым оған қатты ұқсағандықтан, мен оны "Милагрос" деп атадым", – дейді Анна.

Ол алғашқы қуыршағына арнап той көйлегін өзі тігіп бергенін де айтты.

"Мен оны қатты жақсы көріп, сақтап келдім. Бұрын Барби қуыршақтарының қол-аяғы бүгілмейтін. Сондықтан аяқ-қолы мен басын кеудесінен ажыратуға тура келді. Осыған байланысты оларды киіндіріп-шешіндіру қиын болатын. Бірақ қуыршаққа киім кигізу өте қызық. Сол себепті кей қуыршақтар жылдам бөлшектеліп қалатын. Менің алғашқы Барби қуыршағымның да осылай сынып қалғандықтан, иық тұсын тігіп қойдым", – дейді Анна Ляшенко.

?share-img=35694686″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Кейіннен кішкентай Аняның қуыршақтарының арасында Барбидің сүйіктісі – Кен де пайда болды. Бұл қуыршақ та көрмеге қойылды. Одан соң тағы басқа Барби қуыршақтар сатып алынған.

Петропавлдағы көркемсурет лицейіне оқуға аттанған кезде Анна қуыршақтарын шатырға тығып кеткен. Олар ұзақ уақыт бойы сонда сақталған. Шамамен 20 жыл бұрын ол қуыршақтарды жинаумен шындап әуестенген кезде дәл сол шатырдағы қуыршақтар Аннаның құнды топтамасын қалыптастырды. Топтамада 500-ден астам түрлі Барби қуыршағы бар. Олардың барлығы бірдей көрмеге қоюға сыймады.

?share-img=35798490″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Ең қымбат нұсқа және коллекция жинаушының ерекше мақтанышы – ең алғашқы Барбидің репродукциясы. Ол 1959 жылы Америка халықаралық ойыншықтар жәрмеңкесінде екі нұсқада ұсынылды: аққұба және қара шашты. Қуыршақ сәнді ақ-қара түсті суға шомылуға арналған киім киген. Сондай-ақ қуыршақта жеңіл жаздық аяқ киім, күннен қорғайтын көзілдірік, үлкен сырғалар бар және тырнағы ашық қызыл түске боялған. Дәл осы аққұба Барби қуыршағын Анна төрт ай бұрын өз топтамасы үшін арнайы сатып алған.

"Қуыршақ біз үйреніп қалған Барбилерден әлдеқайда ауыр. Бұл қуыршақтың денесі – заманауи репродукция, ал басы – дәл 1959 жылғы нұсқада: оның ескіргені соншалық, шашының астындағы резеңке де ыдырай бастаған", – деді Анна Ляшенко.

?share-img=35694812″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Ол Барбидің пайда болу тарихына қысқаша шолу жасады. Қуыршақты Mattel фирмасының негізін қалаушы Эллиот Хандлердің әйелі Рут Хендлер ойлап тапқан. Оның айтуынша, ересек әйел адам бейнесіндегі қуыршақты жасау идеясы оған қызы мен оның құрбыларының ойынын тамашалау кезінде келген. Ол кезде қуыршақтардың көбі сәби түрінде болған. Ойыншықтың мұндпй түрімен ойнау қуыршақты тамақтандыру ұйықтату секілді әрекетті қажет еткен. Бірақ он жасар Барбара және оның құрбылары қағаздан қуыршақ жасап, оларға көптеген әдемі қағаз киімдерін дайындап ойнаған.

"Рут қыздарға ересек өмірдегі әртүрлі жағдайларды "бастан өткізуге көмектесетін" дәл осындай қуыршақ жетіспейтінін түсінді. Нәтижесінде Mattel компаниясы жаңа қуыршақты өндіріске шығарды. Қуыршаққа Барби есімі Руттың қызы Барбараның құрметіне қойылған. Ал 1961 жылы Барбидің "жігітіне" Хендлерлердің ұлының құрметіне Кен деген есім берілді. Яғни шынайы өмірде Барби мен Кен – ағалы-қарындас", – дейді Анна.

?share-img=35694884″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

1960 жылдан бастап Барби түрлі мамандық иесі ретінде шығарылған: 1960 жылы ол көркемсуретші-модельер және әнші, 1961 жылы балерина, 1963 жылы бала күтуші, 1965 жылы мұғалім және ғарышкер, 1991 жылы тіпті президент қызметіне үміткер ретінде дайындалды. Сондықтан көрмеде барлық мамандық иелері бар.

Сонымен қатар Барбидің түрлі іспен айналысып жатқан кездегі бейнесін де көруге болады. Мысалы, шаңғы тебу, велосипед айдау, жүзу, балет және гимнастикамен айналысу.

Сондай-ақ қуыршақтар терісінің түсі бойынша да әр алуан. Мүгедектерге арналған арбада отырған Барбиді де кездестіруге болады.

?share-img=35800031″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Көрменің "Сәнді қуыршақтар" деп аталуы бекер емес: сәнқойлардың киімдеріне ерекше назар аударылады. 2019 жылы Барбидің 60 жылдығына орай шығарылған BMR 1959 топтамасындағы қуыршақтарды ең сәндісі деп атауға болады. Mattel дизайнерлері қуыршақтар үшін адамдар қызғанатын өте стильді киімдер дайындады. Модельерлер қуыршақтар бір брендтің киімін кигендей әсерге қол жеткізуді қалады.

Клодетт – Аннаның топтамасындағы BMR қуыршақтарының бірі. Ол – шашы күлгін түсті афроамерикалық бойжеткен. Алтын түсті сырғаларда BMR 1959 логотипі ар. Жасанды былғарыдан жасалған топ және белдемше, пиджак және сары түсті спорт аяқ киімі Клодетті өте сәнді етіп көрсетеді. Бұл қуыршақтың бойы кәдімгі Барби қуыршақтарынан аласа. BMR қуыршақтарының бойы да, дене бітімі де, көз пішіні де, тері түсі де әртүрлі. Мысалы, осы топтамада бетінде сепкіл бар қызғылт шашты Кенді көруге болады.

?share-img=35694704″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Көрмедегі Кендер әртүрлілігі бойынша Барбиден кем түспейді.

"Барбимен қатар Кендер де шығарылды. Өйткені қыздар қыз болып, ұлдар ұл болып ойнағысы келді. Асtion man топтамасындағы қуыршақтарда барлық қажетті жабдық мұқият қарастырылған: әскери киімдер, рациялар да бар. Бірақ өкінішке қарай, түпнұсқа киімдер толық сақталған жоқ. Мына екі қуыршаққа өзім киім тіктім, мұнда кеудеше ғана түпнұсқада", – дейді Анна Кендер. Ол қуыршақтардың бірін жақын арада қармағы бар балықшы, екіншісін мылтық асынған аңшы еткісі келетінін атап өтті.

Дене бітімдері ірі жігіт-қуыршақтардың арасында көзілдірікті Кен-дәрігер ерекше көзге түседі. Бұл заманауи ойыншық Аннаның қызына тиесілі.

"Қызым аппендицитпен ауруханаға түскенде, оған көзілдірік киген әдемі жас дәрігер ота жасады. Қызым дәрігер қуыршақ алғысы келді. Біз көзілдірікті қуыршақты әбден іздеп, әрең таптық." – дейді коллекция жинаушы.

?share-img=35694758″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Көрмеде Барби мен оның достары ғана емес, атақты кейіпкерлер түріндегі көптеген қуыршақ та көрермен назарына ұсынылған.

"Алиса ғажайыптар елінде" ертегісіндегі Қызыл патшайым, "Мұзды өлке" мультфиліміндегі кейіпкерлер, Леди Баг және Супер Мысық, Дисней ханшайымдары бар. Бұл қуыршақтардың ішіндегі Дамблдор мен Малефисента да назар аударуға тұрарлық. Жергілікті базардан сатып алған жағымсыз кейіпкердің бейнесіндегі қуыршақты шынайы ету үшін Анна біраз күш жұмсаған.

?share-img=35694794″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

"Мен оның қанаттарын өзім жасадым. Ол үшін баламның шалбарын құрбан етуге тура келді. Дұрыс материал таба алмай жатқанда, ал ұлымның киімі сәйкес келе кетті. Бастапқыда болған көйлегін қайта тіктім, тек үсті ғана сол күйінде қалды. Қарға отыратын сиқырлы таяқты ыстық желімнен жасадым", – дейді Анна.

Анна өз топтамасында Малефисентаның досы Диаваль – қарға адамның, сондай-ақ Гарри Поттердің өзі және оның әйгілі достары түріндегі қуыршақтар болғанын армандайды.

?share-img=35694776″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Анна түпнұсқадан айнымайтын Аватар-қуыршақты өз қолымен дайындаған.

?share-img=35798508″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Корей қуыршағына сым мен ыстық желімнен дайындалған құйрық жабыстырып, оны көк түске бояған және сәйкестендіріп оюлаған.

?share-img=35694740″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Соңғы жылдары Барби қуыршақтарына деген сұраныс азайды. Ал Bratz сынды қыздарға арналған қуыршақтардың танымалдылығы артты. Барби өкілдері, тіпті, Bratz қуыршақтарының дайындаушыларымен соттасты.

?share-img=35694920″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Көрмеде Барбидің бәсекелестері де бар. Сондай-ақ мұнда Монстр Хай, L.O.L. қуыршақтары, Винкс сынды брендтерді де табуға болады.

?share-img=35694902″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Блайз қуыршақтарының өкілдері де бар. Бұл қуыршақтың өте үлкен басында көз түсін және бағытын өзгертуге мүмкіндік беретін көз механизмі жасырылған.

?share-img=35694938″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Бұл қуыршақтардың кейбірін Анна өзі сатып алса, кейбірін туыстары мен жақындары сыйлаған. Сонымен қатар коллекция жинаушылар өзара қуыршақ аламасады.

"Бізде қуыршақ жинаумен әуестенетіндердің тобы бар. Ол топта Қазақстан ғана емес, басқа елдегі адамдар да бар. 1998 жылы мына қуыршақты маған жарамсыз деп бере салды, – деген Анна сөредегі Барби қуыршағын алып, механизмін қосқанда, қуыршақтың арқасында қанаттары жайыла кетті. – Түпнұсқадағы қанаттары сақталмады. Бірақ механизм істен шықпаған. Мен көбелектің қанаттарын жалғадым да, нәтижесінде мынандай ғажап қуыршақ пайда болды".

?share-img=35694866″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

Анна Ляшенко көрмені өзін жан-жақты қолдайтын Ботаникалық бақ ұжымының басшылығы мен қызметкерлеріне және балалық шағында ойыншықтарға ақшасын аямаған әрі топтаманы солтүстікқазақстандықтарға көрсетуге көмектескен ата-анасына алғысын білдірді.

"Анам маған "олар шкафта шаң басып жатқанынан не қызық бар, оларды мұнда ешкім көрмейді, сондықтан көрмеге шығар, басқа адамдар да көрсін" деп айтты, – дейді Анна.

Ботаникалық бақтағы ерекше экспозиция тамыз айының соңына дейін ашық болады.

?share-img=35694848″ data-title=»Петропавлда жүздеген Барби қуыршағының көрмесі өтті – фото»>

"Гарри Поттер" фильміндегі Дамблдор қуыршағы.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button