Экономика

Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Логотип ФНБ «Самрук-Казына»© Sputnik / Владислав ВодневЖазылуАСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысына Қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция құю мәселелері қаралды.Сонымен қатар президентке Қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, Қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.ЭкономикаAir Astana IPO-ға толық дайын – Самұрық-Қазына8 Маусым, 08:03

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button