Елорда тынысы

Астанада бірнеше көшеде жол учаскесі жабылды

Архивтегі сурет© Sputnik / Владислав ВодневЖазылуАСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астанада LRT құрылысына және жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.LRT желісі құрылысының аумағын дайындау үшін Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы жүріп жатыр. Осыған байланысты 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілді.Сондай-ақ Мәңгілік ел даңғылы, Арай көшесі және «Тұлпар» көпірі учаскелерінде орташа жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмысына байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.Бұдан бөлек 12 шілдеден 3 тамызға дейін «Тұлпар» көпірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.Жөндеу жұмысына байланысты 11-20 шілде аралығында Жауқазын көшесінен бастап Космонавтов көшесіне дейінгі аралықтағы Арай көшесінің учаскесі жабылады.Сонымен қатар Кенесары көшесінде жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Орташа жөндеу жұмысына байланысты 14-16 шілде аралығында Кенесары көшесінің А.Янушкевич көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button