Қоғам

Қазақстандық «грин-картаны» қалай алуға болады

Архивтегі сурет© «Правительство для граждан»ЖазылуАСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі этникалық қазақтарға берілетін «Ата жолы» картасын қалай алуға болатынын түсіндірді.»Ата жолы» картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтығын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі.»Ата жолы» картасы үш санаттың біріне сәйкес келетін шетелде тұратын этникалық қазақтарға беріледі:ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің болуы;үміткердің Қазақстанда талап етілетін мамандық иесі болуы;тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген бизнесінің болуы.»Картаны алу үшін «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну қажет. Тіркелгеннен кейін өтінім бес жұмыс күні ішінде қаралады, содан кейін әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы орган сол қосымша арқылы алушыны құжаттың ұсынылғаны туралы хабардар етеді», – делінген хабарламада.»Ата жолы» картасын «Құтты мекен» қосымшасынан алуға болады.Осыдан кейін этникалық қазақ виза алу үшін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемесіне жүгінеді немесе (тұратын елімен визасыз режимде) көшіп келушілердің келуі мен болуының қазақстандық тәртібіне сәйкес бірден елге келе алады.Қазақстанға келгеннен кейін «Ата жолы» картасының иегері ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін аумақтық ішкі істер органдарына жүгінуге тиіс.Карта алынған санатқа байланысты этникалық қазақ не жұмыс берушімен шартқа қол қояды және оны «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде» тіркейді, не өзінің бизнес-жоспарын жүзеге асыруға кіріседі.»Ата жолы» картасы иегерлерінің этникалық қазақтардан басты айырмашылығы – олар басқа елдің азаматы болып қала отырып, азаматтар мен қандастар сияқты құқықтарға ие болады, деп атап өтті министрліктегілер.Бұдан басқа, «Ата жолы» картасының иегерлері Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алуға мүмкіндігі бар.Айта кетері, «Ата жолы» картасы бар адамдар Қазақстанның мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы жоқ, республикалық референдумға қатыса алмайды және мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button